Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Психоневрологиялық орталықта сот отырысы өткізілді
Басты Сот және сот төрелігі Психоневрологиялық орталықта сот отырысы өткізілді

Психоневрологиялық орталықта сот отырысы өткізілді

2017 жылдың 18 мамырында Шарбақты аудандық сотының судьясы Е.Алдажарова «Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ғимаратында азаматтарды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы 23 азаматтық істі қарады.

2017 жылдың 22 мамыры жағдайына аудандық сотқа психоневрологиялық орталықтан аталған санат бойынша 101 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 79 іс қаралып, 21 іс сот-психиатриалық сараптама тағайындауға байланысты тоқтатылған.

Қалған азаматтық істерді сараптама өткізілгеннен кейін Шалдай психоневрологиялық орталығы ғимаратында қарау жоспарланған.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»