Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Үш жылға трактор жүргізу құқығынан айрылды
Басты Сот және сот төрелігі Үш жылға трактор жүргізу құқығынан айрылды

Үш жылға трактор жүргізу құқығынан айрылды

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 608 б. 1 б. (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша «Победа» ЖШС механизаторына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 02 мамырында жүргізуші Орловка ауылы маңында алкогольды мас күйінде «К-700» тракторын басқарған.

Құқықбұзушы сотта кінәсін мойындамай, көлікті сау күйінде басқарғанын айтып түсіндірді. Алайда алкогольды мас күйін куәландыру актісімен таныстырылып, онымен келіскен.

Сот механизаторды ӘҚБК 608 б. 1 б. айыпты деп танып, оны 3 жылға трактор жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»