Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл
Басты Сот және сот төрелігі Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл

 

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 482 б. 1 б. (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Ертіс-орманы» ММ қорықшысы өзінің тұрғылықты мекен-жайында құқыққорғау органдарының рұқсатынсыз «ТОЗ» маркалы екіұңғылы аңшылық мылтығының ұңғысын заңсыз сақтаған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, аталған қаруды орман маңынан тауып алған.

Сот қаулысымен құқықбұзушыға қаруды тәркілеумен 31766 тенге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»