Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қайтыс болуы туралы факт анықталды
Басты Сот және сот төрелігі Қайтыс болуы туралы факт анықталды

Қайтыс болуы туралы факт анықталды

Шарбақты аудандық сотымен заңды маңызы бар деректі анықтау туралы өтініш бойынша азаматтық іс қаралды.

Өтініш беруші сотқа ұлының қайтыс болуы туралы деректі анықтау туралы өтініш түсірді. Өтініште көрсетілгендей оның ұлы 2005 жылдың 08 қарашасында қайтыс болған. Сот сараптамасы орталығы сот-медициналық сарапта өткізуден бас тартқан. Осыған байланысты қайтыс болуы туралы анықтама берілмеген, қазіргі кезде АХАЖ органдарында оның қайтыс болуы туралы дерек тіркелмеген.

Сот өтініш берушінің талабын қанағаттандырып, қайтыс болуы туралы деректі анықтады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»