Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мұрагерлікті қабылдау дерегі анықталды
Басты Сот және сот төрелігі Мұрагерлікті қабылдау дерегі анықталды

Мұрагерлікті қабылдау дерегі анықталды

Шарбақты аудандық сотымен мұрагерлікті қабылдау дерегін анықтау туралы азаматша Д. өтініші бойынша азаматтық іс қаралды.

Д. сотқа мұрагерлікті қабылдау дерегін анықтау туралы өтініш түсіріп, анасының қайтыс болғаннан кейін зейнетақы қоры түрінде мұрагерлік ашылғанын көрсетті.

Ақшалай қаражаттың жоқтығына байланысты заңмен белгіленген мерзімде мұрагерлікті қабылдау туралы куәлікті алуға нотариусқа жүгінбеген. Нотариусқа барған кезде құжат ресімдеуге бас тартқан.

Сот шешімімен Д. мұрагерлікті қабылдау дерегін анықтау туралы өтініші қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»