Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Отбасылық жанжал
Басты Сот және сот төрелігі Отбасылық жанжал

Отбасылық жанжал

2017 жылдың 20 сәуірінде Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы 2017 жылдың 19 сәуірінде түнгі уақытта өзінің кәрі анасымен жанжал шығырып, оны балағаттаған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінді.

Іс қарау барысында аталған тұлғалармен сотқа медиация тәртібінде татуласқандары туралы келісім ұсынылды.

Сот қаулысымен ӘҚБК 73 б. 2 б. (отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқықбұзушылықтар) бойынша іс өндірісі қысқартылып, құқықбұзушы жауапкершіліктен босатылды.

Сондай ақ, сот ІІБ құқықбұзушыға қатысты ерекше талаптар орнату туралы қолдаухатын қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»