Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Отбасылық жанжал медиация тәртібінде шешілді
Басты Сот және сот төрелігі Отбасылық жанжал медиация тәртібінде шешілді

Отбасылық жанжал медиация тәртібінде шешілді

Шарбақты аудандық сотымен Тәджікстан Республикасының азаматы, Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты ӘҚБК 73 б. 1 б. (отбасы-тұрмыстық аясындағы құқықбұзушылықтар) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы 2017 жылдың 02 сәуірінде өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжал шығырып, балалардың көзінше оны балағаттаған.

Іс қарау барысында аталған тұлғалармен сотқа медиация тәртібінде татуласқандары туралы келісім ұсынылды.

Сот қаулысымен іс өндірісі қысқартылып, құқықбұзушы жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»