Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Молдова елінің азаматты жауапкершілікке тартылды
Басты Сот және сот төрелігі Молдова елінің азаматты жауапкершілікке тартылды

Шарбақты аудандық сотымен көш-қон заңнамасын бұзған Молдова азаматтарына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, шекара қызметкерлерімен жүк поездін тексеру барысында Қазақстан Республикасының көш-қон ережесін бұзып, ішкі істер органдарында тіркелусіз тағайындалған мерзімнен тыс, ҚР аумағында болған Молдова елінің екі азаматы анықталған.

Сот отырысында құқықбұзушылар жасаған құқықбұзушылықтарын толығымен мойындады.

Сот қаулысымен шетелдіктер ӘҚБК 517 б. 2 б. айыпты деп танылып, оларға 34035 тенге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»