Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жүргізуші жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Жүргізуші жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 610 б. 1 б. (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын) бойынша Шарбақты ауылының 1957 ж.т. тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2017 жылдың 6 наурызында жүргізуші «Audi» көлігін басқарып келе жатып, «Lada» автокөлігіне жол бермей онымен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы барысында көліктер зақымдалып, материалды шығын келген.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 22690 тенге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»