Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алимент төлемегені үшін қамауға алынды
Басты Сот және сот төрелігі Алимент төлемегені үшін қамауға алынды

Шарбақты аудандық сотының жеке шаруашылық жұмыскеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, құқықбұзушыдан сот бұйрығына сәйкес кәмілетке толмаған балаларын асырауға алимент өндірілген.

Қарызгер сот орындаушының ескертулеріне қарамастан, сот бұйрығын орындамаған. Қарыз сомасы 261174 тенге құрайды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, алимент төлеуден бас тартпайтынын, жұмыс істемегендіктен алимент төлеуге мүмкіндігі болмағанын түсіндірді.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 669 бабы (сот шешімін орындамау) бойынша айыпты деп танып, 3 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»