Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жолаушылар автобусымен соқтығысқан
Басты Сот және сот төрелігі Жолаушылар автобусымен соқтығысқан

Шарбақты аудандық сотымен жол-көлік оқиғасы бойынша Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аталған азаматша 2016 жылдың 19 желтоқсанында Павлодар -Шарбақты жолында «Lifan» маркалы көлікті басқарап келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасының қатысушылары дене жарақаттарын алып, көліктер зақымдалған.

Сот отырысына құқықбұзушы әйел келген жоқ.

Сот оны ӘҚБК 610 б. 1 б. (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын) бойынша айыпты деп танып, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»