Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ұрлық бойынша қылмыстық іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Ұрлық бойынша қылмыстық іс қаралды

Шарбақты аудындық сотымен Шарбақты ауылының жұмыссыз тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 08 ақпанында сағат 04:00 шамасында сотталушы Шарбақты ауылында орналасқан цех ғимаратына есіктің құлыпын сындырып кіріп, оның ішінен ұзындығы 45 метр электр сымды ұрлап кеткен.

Қылмыс барысында жеке кәсіпкерге 98000 тенге көлемінде материалды шығын келген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, ұрланған сымды металл қабылдау орынына тапсырып, одан түскен ақшаға азық-түлік сатып алғанын түсіндірді.

Сот оны ҚК 188 б. 2 б. 3 б. бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, оған маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделу шарасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»