Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Полиция қызметкеріне қатысы іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Полиция қызметкеріне қатысы іс қаралды

Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2015 жылдың қазан айында өзінің қызметі бойынша көрсеткіштерді көтеру мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен қарастырылған заңсыз аң аулау, иттерді ұстау қағидасын бұзу құқықбұзушылықтары бойынша әкімшілік іс құрастырып алған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот оны ҚК 416 б. 2 б. (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау) айыпты деп танып, 1 жыл 6 ай шартты жазасын тағайындады.

Сотталушы рақымшылық актісіне сәйкес жазадан босатылып, полиция капитаны арнайы атағынан айрылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»