Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Оқ-дәрі тасымалдаған
Басты Сот және сот төрелігі Оқ-дәрі тасымалдаған

Шарбақты аудандық сотымен қарудың патрондарын тасымалдағаны үшін Шарбақты ауылының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылдың 12 қаңтарында полиция қызметкерлерімен құқықбұзушының автокөлігінен тегіс ұңғылы қаруға 16 калибрлі патрон және 16 калибрлі патрондарға арналған 17 гильза табылған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, гильзаларға арналаған патронтажды 2016 жылы Қос-құдық ауылы жанынан жолда тауып алған.

Сот оны ӘҚБК 482 б. 1 б. (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы қаруды, олардың патрондарын, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпты деп танып, оқ-дәріне тәркілеумен 31766 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»