Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
20 тәулікке қамалды
Басты Сот және сот төрелігі 20 тәулікке қамалды

2017 жылдың 1 наурызында Шарбақты аудандық сотымен ЖШС-те механизаторына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 25 ақпанда сағат 19:00 шамасында құқықбұзушы көлік басқаруға құқығынан айрылған тұлға бола тұра, Шарбақты – Сосновка автожолында Х-700 тракторын мас күйінде басқарған.

Сотта жүргізуші кінәсін мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірді.

Сот қаулысымен механизатор ӘҚБК 608 б. 6 б. (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша айыпты деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»