Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тонау фактісі бойынша іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Тонау фактісі бойынша іс қаралды

Шарбақты аудандық сотымен тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2017 жылдың 04 қаңтарында Шарбақты ауылында, өзінің үйінде әжесіне қонаққа келген әйел адамның алтын некелік жүзігін күш қолданып, саусағынан шешіп алып, ұрланған затпен оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот талқылауы басталмас бұрын сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласты.

Сот сотталушыны ҚК 191 б. 1 б. бойынша жауапкершіліктен босатып, қылмыстық істі медиация тәртібінде қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»