22 Сентября
, 12:35
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қызметін уақытша тоқтатты
Басты Сот және сот төрелігі Қызметін уақытша тоқтатты

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 462 б. 3 б. бойынша «АТО Щербактинский элеватор» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың 29 тамызында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен «АТО Щербактинский элеватор» ЖШС қатысты өрт қауіпсіздігі аясында бұзушылықты жою туралы тоғыз тармақ бойынша жарлық шығарылған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ТАБ инпекторының тексерісі кезінде аталған жарлықтың 8 тармағы орындалмағаны анықталған.

ЖШС өкілі сотта кінәсін мойындап, ақшалай қаржының жоқтығына байланысты жарлық орындалмағанын түсіндірді.

Сот ЖШС-ін кінәлі деп танып, астықты қабылдау, сақтаумен байланысты қызметін 5 тәулікке тоқтатумен, 226900 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»