Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Айыппұл төлеуден жалтарған азамат қамалды
Басты Сот және сот төрелігі Айыппұл төлеуден жалтарған азамат қамалды

2017 жылдың 7 ақпанында сотқа 2015 жылдан бері 9910 тенге көлемінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген Шарбақты ауданы Кургамыс станциясының тұрғынына қатысты материал келіп түсті.

          Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, жұмыс істемегендіктен айыппұл төлеуге қаражаты болмағанын түсіндірді.

          Сот қаулысымен оған 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

       2017 жылдың басынан Шарбақты аудандық сотымен атқару құжатын орындамаған 6 тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

       Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»