Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қылмыс құралы тәркіленді
Басты Сот және сот төрелігі Қылмыс құралы тәркіленді

Шарбақты аудандық сотымен автокөліктің дөңгелектерін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

         2016 жылдың 16 қыркүйегінде түнгі уақытта сотталушылар С. және М. Шарбақты ауданы Маралды станциясында осы елді мекеннің тұрғынының ауласында тұрған «SkodaOktavia» автокөлігінің төрт дөңгелегі мен төрт дискіні ұрлап кеткен.  Ұрланған заттарды олар «Меrcedes-Benz C180» маркалы көлігіне тиіп алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушіге 50000 тенге сомасында материалды шығын келген.

          Сот талқылауы барысында тараптар медиация тәртібінде татуласып, сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

          Сот қаулысымен «Меrcedes-Benz C180» маркалы автокөлігі қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»