Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін сотталды

Шарбақты аудандық сотымен 30 жасар ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін сотталды.

       Қылмыстық іс материалында көрсетілгендей, 2017 жылдың 31 қаңтарында Шарбақты ауылында «Думан» кафесінде мас күйінде кафе қызметкерлері мен келушілердің тыныштығын бұзған. Кафе қызметкерлерінің шақыртуымен келген поиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оны балағаттап, полициялық киімін жыртып тастаған.

       Сот үкімімен сотталушыға 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды. Сондай ақ, жәбірленушінің пайдасына 3000 тенге материалды шығын өндіріліп алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»