Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Рақымшылық жасау туралы» Заңы талқыланды
Басты Сот және сот төрелігі «Рақымшылық жасау туралы» Заңы талқыланды

Шарбақты аудандық сотында судялардың, прокурор көмекшісінің, пробация қызметі инспекторы және адвокаттың қатысуымен Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жылдығына рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

        Сот төрағасы Х.Сраилов өз сөзінде рақымшылық жасау туралы заңның қолданылуының өзектілігі мен маңыздылығын, осы заңның қабылданғанға дейін заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға мемлекеттік-құқықтық әсерін, мемлекеттік-құқықтық саясатын жалпы адамдардың құндылығы мен гуманизмдік жағына бағытталғанын атап өтті.

        Шара барысында төраға рақымшылық жасау туралы Заңына қатысты түрлі мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, өзара пікір бөлісті.  

      «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»

Амнистия фото