Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
84 жасар құқықбұзушы айыппұл төлейді
Басты Сот және сот төрелігі 84 жасар құқықбұзушы айыппұл төлейді

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасына 1932 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматшасы қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ресей азаматшасы Қазақстан Республикасының көш-қон ережесін бұзып, ҚР мен РФ арасындағы келісімге сәйкес 30 күннен аса мерзімде ішкі істер органдарында тіркелусіз ҚР аумағында болған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, көш-қон заңын білмеуіне байланысты ҚР аумағын уақытында тастап шықпағанын түсіндірді.

Сот 84 жасар құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыпты деп танып, 24959 тенге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі