Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Берешек сомасы өндірілді
Басты Сот және сот төрелігі Берешек сомасы өндірілді

Шарбақты аудандық сотымен жеке кәсіпкердің қолхат бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша қысқартылған тәртіпте шешім шығарылды.

Талапкер сотқа арыз түсіріп, ол жауапкерге 2016 жылдың 19 ақпанында ауызша келісім арқылы бөліп төлеуге жалпы құны 65000 тенгеге жиһаз берген. Бірақ 2016 жылдың тамыз айынан бері қарызгер небәрі 5000 тенге төлеген. Телефон шалу және СМС хабарламаларға ол жауап бермеген.

Сот шешімімен жауапкерден берешек сомасы 60000 тенге және іс бойынша шығандар 12692 тенге өндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»