22 Сентября
, 13:16
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-аналық құқығынан айырылды
Басты Сот және сот төрелігі Ата-аналық құқығынан айырылды

Шарбақты аудандық сотымен ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа М.атты азаматша талап - арызбен жүгініп, 2015 жылдан бері некеде тұрмайтын күйеуін ата-аналық құқығынан айыруды сұрады. Арызда көрсетілгендей некеден кәмілеттік жасқа толмаған екі баласы бар.Жауапкер балараға алимент төлемейді. Олардың тәрбиесіне қатыспайды және де басқа да материалды көмек көрсетпейді. Оның мойнында 571704 тенге көлемінде алимент берешегі бар.

Сотта жауапкер талап-арызды мойындады. Алдын ала сот отырысында одан талап – арызбен келісу туралы жазбаша өтініш келіп түсті.

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңының 75 б. 1 б. 1 т. сәйкес егер ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса ата-аналық құқығынан айрылады.

Сот іс материалдарын зерттеп, тараптардың түсініктемелері және прокурордың қорытындысын тыңдап, М. ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі