Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды

 Шарбақты аудандық сотымен сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Шарбақты ауданынын ІІБ полиция участкелік инпекторының көмекшісі жауапкершілікке тартылды.

       Учесткелік инпектордың көмекшісі Б. өндірісіне отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық фактісі бойынша арыз келіп түскен.

       Полиция қызметкері осы жағдайды пайдаланып, құқықбұзушыдан жұмыс орнына хабарламауы үшін 15000 тенге көлемінде пара беруді талап еткен.

       Жәбірленуші оның заңға қайшы әрекетіне қатысты Павлодар облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес бюросы департаментіне арыз түсірген.

        Сол күні Б. өзінің автокөлігінің ішінде жәбірленушіден 15000 тенге көлемінде пара алу кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлерімен ұсталған.

        Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

        Сот үкімімен Б. ҚК 366 б. 1 б. бойынша айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте өмір бойына айналысу құқығынан айырумен 750 000 тенге көлемінде  айыппұл тағайындалды.

       Сондай ақ, Б. полиция капитаны – арнайы атағынан айырылды.

      

       Үкім заңды күшіне енді

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»