Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен
Басты Сот және сот төрелігі Жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен

Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың 6 желтоқсанында Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында «Мазда-3» авкокөлігімен велосипедшіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралды.

      Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, жәбірленуіші көмектен және ауруханаға барудан бас тартуына байланысты ол оқиға орнын тастап кеткенін түсіндірді.

      Сот оны ӘҚБК 611 б. 2 б. (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы)бойынша айыпты деп танып, 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі