Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 127 б. 1 б. (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

       Іс қарау барысында сотпен құқықбұзушы өзінің жеті жасар ұлының тәрбиесі және оқуы бойынша ата-аналық міндетін орындамайтыны анықталды.

       Бала құқығы Конвенциясына сәйкес ата-аналарға баланың дамуы мен тәрбиесі үшін негізгі жауапкершілік жүктелген.

       Сот қаулысымен оған жеті айлық есептік көрсеткіш 14 847 тенге көлемінде айыппұл тағайындалды.  

 

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»