Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектеп оқушыларымен кездесу
Басты Сот және сот төрелігі Мектеп оқушыларымен кездесу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының №2 мектебінің 8 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

      Кездесу барысында сот приставы Е.Оспанов еліміздің Тәуелсіздігінің тарихы және аудандық соттың қызметі туралы айтып беріп, сот отырысы залдарымен таныстырды.

      Кеңсе меңгерушісі Ж.Бердиева «Кәмілетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтің алдын-алу» тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды. Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларымен таныстырып, кәмілетке толмағандармен жасалған құқықбұзушылықтар үшін  кәмілетке толмағандардың және олардың өкілдерінің жауапкершілігін айтып өтті.

 

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»