18 Сентября
, 19:42
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Мықты Қазақстан-мықты аймақтар» тақырыбында дәріс өткізілді
Басты Сот және сот төрелігі «Мықты Қазақстан-мықты аймақтар» тақырыбында дәріс өткізілді

2016 жылдың 08 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты аграрлық – техникалық колледжі студенттермен «Мықты Қазақстан-мықты аймақтар» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

        Шарада аудандық соттың аға сот приставы Е.Оспанов колледж студенттеріне аталған мейрамның қазақстандықтар үшін маңызын, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері, Елбасының Қазақтанның дамуы мен құрылуындағы рөлін айтып берді.

      Сондай ақ, қатысушыларды қазіргі кезде соттармен заманауи технологияларды қолдануы, сот отырыстарын дыбыс, бейне жазбаны қолданумен қаралуы жайында таныстырды. Заманауи технологияларды қолдану сот қызметінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етіп, сот қызметкерлерінің және де сотқа жүгінушілердің уақытын үнемдейді деп атап өтті.  

       

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»