21 Сентября
, 04:45
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бірқатар қылмыс жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Бірқатар қылмыс жасаған

Шарбақты аудандық сотымен бір қатар қылмыс жасаған 1996 ж.т., Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

        Сотталушы С. 2016 жылдың 30 маусымында түнгі уақытта есіктің ілгегін ашып, танысының үйіне кіріп, үйдегілердің ұйықтап жатқанын пайдаланып, жалпы құны 15000 тенгенің «Samsung» маркалы ұялы телефон мен модемді ұрлап кеткен.

        С. қылмыстық ойын жалғастыра отыра 2016 жылдың 20 шілдесінде өзінің үйіне қонаққа келген танысының «Samsung»  маркалы ұялы телефонын ұрлап алған.  Жәбірленушіге 10000 тенгеге материалды шығын келген.     

        2016 жылдың 16 қазанында сағат 03:00 шамасында сотталушы С. Шарбақты ауылы Чайко көшесі бойында тұратын К. атты азаматшаның үйіне терезені сындырып кірген. Оны үй иесі байқап қалып, ол оқиға орынынан қашып кеткен.

         Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушымен жәбірленушілермен медиация тәртібінде татуласқаны туралы келісім ұсынылды. Сотпен сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»