Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
10 тәулікке қамауға алынды
Басты Сот және сот төрелігі 10 тәулікке қамауға алынды

       Шарбақты аудандық соты ӘҚБК 434 б. 2 б. (ұсақ құқықбұзушылық) бойынша бір жыл ішінде қайтара құқықбұзушылық жасағаны үшін Шарбақты ауылының тұрғынын 10 тәулікке қамауға алды.

       2016 жылдың 19 қарашасында құқықбұзушы Шарбақты ауылы Абенов көшесі бойында шемішке шағып, қабығын жерге тастаған.

        Сотта К. кінәсін толығымен мойындап, заң нормаларын білмеуіне байланысты құқықбұзушылық жасағанын түсіндірді.

        Сот жаза тағайындауда оның құқықбұзушылық жасау кезінде мас күйінде болғанын және бір жыл ішінде ұқсас бұзушылық жасағанын ескерді.

       Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»