Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көш-қон қағидасын бұзғаны үшін айыппұл
Басты Сот және сот төрелігі Көш-қон қағидасын бұзғаны үшін айыппұл

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан бұлтарған, 54 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, көш-қон заңын білмеуіне байланысты Қазақстан Республикасы аумағын уақытында тастап шықпағанын түсіндірді.

         Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыпты деп танып, 23331 тенге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.  

 

        Қаулы заңды күшіне енді

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі