Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңды маңызы бар факт анықталды
Басты Сот және сот төрелігі Заңды маңызы бар факт анықталды

Заңды маңызы бар факт анықталды

 

          Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауданының тұрғының еңбек кітапшасының тиесілігі заңды фактісін анықтау туралы өтінішіне сәйкес азаматтық іс қаралды.

        Өтініш беруші өз өтінішінде оның еңбек кітапшасында тегі «Клемм» деп жазылған, ал қалған құжаттар, оның ішінде туу туралы куәлігінде «Клем» деп жазылған, яғни бір «М» әрпімен жазылғандығын көрсетті. Осыған байланысты ол өзінің жұмыс өтілін зейнеткерлікке құжаттар жинақтау үшін растай алмай отыр.

          Сот арызданушыны және куәлерді тыңдап, іс материалдарын зерттеп, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды. 

          Шешім заңды күшіне енген жоқ.

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»