Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Туберкулезден мәжбүрлеп емделуге жолданды
Басты Сот және сот төрелігі Туберкулезден мәжбүрлеп емделуге жолданды

Туберкулезден мәжбүрлеп емделуге жолданды

 

Шарбақты ауданы ауруханасының өкілі туберкулезбен ауыратын И. атты азаматты Ақсу қаласының туберкулезге қарсы ауруханасының арнайы бөлімшесіне мәжбүрлеп жолдау туралы сотқа өтініш түсірді.

Сотта дәрігер фтизиатр, ауру И. туберкулездің ашық, қоғам үшін қауіпті жұқпалы түрімен ауыратынын түсіндірді. Ол емделу барысында спирттік ішімдіктер ішіп, дәрі ішуден бас тартып, кезекші дәрігерлермен бірнеше рет жанжал шығарған.

Шарбақты аудандық сотының шешімімен аталған азамат толығымен айығып шыққанша, емделу мекемесіне мәжбүрлеп жолданды.

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»