Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шекрадан заңсыз өткені үшін сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Шекрадан заңсыз өткені үшін сотталды

Шарбақты аудандық соты аудан тұрғынын 6 айға шартты түрде бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Т. 2016 жылдың 08 қыркүйегінде «Шарбақты» шекара заставасының аумағында Ресей Федерациясы Васильчуки елді мекенінен Шарбақты ауданы Жана-Аул ауылына Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

         Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, 2016 жылдың 07 қыркүйегінде Ресей Федерациясының Кулынды ауылына тракторға қосымша бөлшектер алуға барған. Кулындыға келген соң ол таныс емес жігітпен спирттік ішімдік ішіп, соңында жаңа танысы оның сыртқы киімін құжаттарымен бірге ұрлап кеткен. Құжатсыз оны шекарадан өте алмайтынын білген ол, шекара бекетін айналып өтуге ұйғарған. 

      

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»