Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көліктер соқтығысқан
Басты Сот және сот төрелігі Көліктер соқтығысқан

2016 жылдың 17 қазанында Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 610 б. 1 б. бойынша құқықбұзушылық жасаған Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қаралды.

2016 жылдың 18 тамызында «КАМАЗ-5320» автокөлігін Қарағанды-Павлодар автожолында басқарып келе жатып, арақашықтықты сақтамай, «Фольксваген-Пассат» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол көлік апатынан көліктер зақымданып, материалды шығын келтірілген.

Құқықбұзушы соттан жаза түрін тағайындау кезінде  оның негізгі табыс көзі автокөлік екендігін ескеруді сұрады.

Сот оған мемлекет пайдасына 21210 тенге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»