Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Айыппұл төлемегені үшін айыппұл
Басты Сот және сот төрелігі Айыппұл төлемегені үшін айыппұл

        Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың мамыр айынан бастап әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген аудан тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

        Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, Ресейде болғандықтан айыппұлды төлемегенін түсіндірді.

        Сот оны ӘҚБК 669 бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) айыпты деп танып, 21210 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

 

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»