Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Полициямен жанжал
Басты Сот және сот төрелігі Полициямен жанжал

Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкерлерін балағаттағаны үшін Шарбақты ауылының тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды.

       Іс материалдарында көрсетілгендей 2016 жылдың 25 қыркүйегінде ІІБ жедел кезекшісінің нөмірінде Шарбақты ауылы Садовая көшесі, 32 үйде төбелес болып жатқаны туралы шақыру келіп түскен. Құқықбұзушы келіп жеткен полиция қызметкерлерін балағаттап, олармен жанжал шығарған.

       Сотта құқықбұзуышының ӘҚБК 434 б. 1 б. (ұсақ бұзақылық – қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша жасаған ісі толығымен дәлелденді.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»