Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көлікпен жасалған құқықбұзушылықтар
Басты Сот және сот төрелігі Көлікпен жасалған құқықбұзушылықтар

Көлікпен жасалған құқықбұзушылықтар

         Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың 9 айында Шарбақты ауданының тұрғындарына қатысты ӘҚБК 590, 608, 610 баптары бойынша 63 әкімшілік іс қаралды.

           Аталған баптар көлікті мас күйінде басқару, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген
 қағидаларын бұзу сияқты құқықбұзушылықтарды қарастырады.

          Сот құқықбұзушыларға әкімшілік қамауға алу, айыпұл және үш жылдан алты жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

    

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»