Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық
Басты Сот және сот төрелігі Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылық

        Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындаға құқықбұзушылық қоғамның үлкен мәселесі болып табылады және оған мемлекет тарапынан аса көңіл бөлінген.

         2016 жылдың 9 айында Шарбақты аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73 бабы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 76 іс қаралған. Сотпен 33 тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 43 іс жәбірленушімен татуласуға байланысты қысқартылған. Осы құқықбұзушылық бойынша сот 14 ескерту беріп, 19 адам қамауға алынған.

         Жәбірленушілер көп жағдайда әйелдер, отбасын сақтап қалу үшін жәбірленушімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрап сотқа өтініш түсіреді.

         ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 54 бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және немесе iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот ерекше талаптар белгілейді.

        

 Шарбақты аудандық сотының

 баспасөз қызметі