Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу
Басты Сот және сот төрелігі Қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу

Қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу

           Шарбақты аудандық сотында «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және Судьялардың 7-ші съездін талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

          Аталған кездесуге аудандық сот төрағасы, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлер одағы», «Отан» қоғамдық ұйымдарының төрағалары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Х.Сраилов сөз алып, «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында сот жүйесінің жаңашылдықтары мен өзгерістері жайлы баяндап берді.

           Сондай ақ, ҚР Судьяларының кезектен тыс VII съездінде жобасы ҚР Конституциясының, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңы негізінде  судьялардың Әдеп кодексін қабылдау жоспарланған.

          Кездесу соңында қатысушылар кезектен тыс болатын судьялар съезді сот жүйесінің дамуына көп әсер ететінін атап өтті.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»