Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Келу ережесін бұзғандары үшін
Басты Сот және сот төрелігі Келу ережесін бұзғандары үшін

Келу ережесін бұзғандары үшін

         2016 жылдың 9 айында Шарбақты аудандық сотымен ҚР көш-қон саласында құқықбұзушылық жасаған шетелдіктерге қатысты 91 әкімшілік іс қаралды. Олар Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәджікстан, Украина, Азербайджан және Монғолия елдерінің азаматтары.

         Шеттелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген құқықбұзушылықтар болып табылады.

        Сот қаулысымен құқықбұзушылар ӘҚБК 514, 517 баптары бойынша айыпты деп танылып, оның қырық төртіне айыппұл тағайындалса, жиырма алтысы әкімшілік қамауға алынған және он тоғыз шетелдік ҚР аумағанын шығарылған.

 

     «Шарбақты аудандық сотының

    баспасөз қызметі»