Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ұсақ құқықбұзушылық
Басты Сот және сот төрелігі Ұсақ құқықбұзушылық

Ұсақ құқықбұзушылық

     Шарбақты аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 434 бабы бойынша, ұсақ құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істер қаралады.

        Аталған бап қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке таруға жатады.

         Жоғарыда көрсетілген әрекеттер жасау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Егер тұлғаұсақ құқықбұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

         2016 жылдың 9 айында сотпен 434 бап бойынша 94 іс қаралып, 92 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке 92 тұлға тартылған, 2 іс қысқартылған. Оның ішінде 84 тұлға қамауға алынып, 8-не айыппұл тағайындалған.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»