Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Оқушы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа оқуға бағытталды
Басты Сот және сот төрелігі Оқушы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа оқуға бағытталды

Шарбақты аудандық сотының шешімімен 5 сынып оқушысы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа оқуға бағытталды.

Азаматтық іс материалдарынан және мұғалімдердің, тәрбиешілердің және аудандық ІІБ өкілінің берген жауаптарына сәйкес ол жаман жағынан сипатталады, әрдайым оқу тәртібін бұзған. Кәмілетке толмағандар жөніндегі полиция тізімінде тұр. Пәтерден ұялы телефон ұрлаған, бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартуға жасы толмағандықтан оның анасы ата-аналық міндетін толық орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІБ өкілі білім бөлімінің өтінішмен келісіп, кәмілетке толмаған оқушыны арнаулы мектепке жолдауды қолдады. Кәмілетке толмаған жыл сайын ұсақ құқықбұзушылықтар жасайды: тігін фабрикасының ғимаратына заңсыз кірген, үйдің терезесін сындырып кіріп, ұялы телефон ұрлаған және т.б. құқықбұзушылықтар жасаған.

Енді оның тәрбиесімен арнаулы мектептің тәрбиешілері айналысатын болады.

 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»