Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ағаш ұрлағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Ағаш ұрлағаны үшін

 Шарбақты аудандық сотымен «Ертіс-орманы» РММ тракторшысына қатысты ҚК 187 б.1 б. (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде ұрлау) бойынша қылмыстық іс қаралды.

 Сотталушы Ж. Шалдай орман шаруашылығының № 52 кварталында өткен жылдан қалған кесілген ағаштар барын біле тұра, 2016 жылдың май айында  өзіне тағайындалған жұмыс тракторымен 155 дана отынға арналған ағашты ұрлап кеткен. Қылмыс салдарынан «Ертіс-орманы» РММ-не 5036 тенге шығын келген.

Сотталушы сотта кінәсін толығымен мойындады.

Сот Ж. жасалған құқықбұзушылық бойынша айыпты деп танып, 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.   

 

Шарбақты аудандық сотының

 баспасөз қызметі