18 Сентября
, 20:45
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас жүргізуші жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Мас жүргізуші жазаланды

 

        Шарбақты аудандық сотымен ҚК 346 б. 1 б. (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралынбасқаруы) бойынша 1974 ж.т. жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2014 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

       2016 жылдың 20 тамызындаол қайтадан мас күйінде көлік жүргізіп,  полиция қызметкерлерімен ұсталған.

        Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, көлікті неге  мас күйінде жүргізгінен түсіндіре алмады.

        Сот жасалған қылмыс бойынша оны айыпты деп танып, үш жылға көлік жүргізумен байланысты қызметпен айналысуға тиым салумен,  200 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

        Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»