Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектептің қызметі тоқтатылды
Басты Сот және сот төрелігі Мектептің қызметі тоқтатылды

 

Шарбақты аудандық сотымен «Шарбақты ауданының Орловка жалпы білім беру мектебі» ММ қатысты ӘҚБК 462 б. 3 б. (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының ұсынуларын орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Аудан төтенші жағдайлар бөлімімен мектепке қатысты ҚР өрт қауіпсіздігінің заңнамасының талабы бұзылуы үш тармағы бойынша нұсқамасы шығарылған.

Мекетепті тексеру кезінде ТЖБ инспекторы аталған нұсқаманың бір тармағы орындалмағанын анықтаған.

Мекеме өкілі сотта түсіндіргендей аталған нұсқама қаржы жоқтығына байланысты толықтай орындалмаған.

Сот қаулысымен Орловка мектебі 212100 тенге көлемінде айыппұл төлеумен қоса бес тәулікке мектеп жасындағы балаларға арналған оқу процесімен қатысты қызметін тоқтату жазасы тағайындалды.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»