Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды
Басты Сот және сот төрелігі Некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

 

         Шарбақты аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібінде қысқартты.

         Іс материалдарына сәйкес талапкер Д. жұбайының адал еместігіне байланысты некені бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Мүліктік және балаларды тәрбиелеу бойынша дау жоқ, некені бұзуға өтініш білдірді.

         Сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібінде қысқарту туралы қолдаухат келіп түсті.

         ҚР АПК 277 бабы 6 тармағына сәйкес сот, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімге келсе, іс өндірісін қысқартады.

          Сот медиация тәртібінде келісілген келісімді тағайындап, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.

 

         Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ

         «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»