Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Кәмілеттік жасқа толмаған құқықбұзушы
Басты Сот және сот төрелігі Кәмілеттік жасқа толмаған құқықбұзушы

Кәмілеттік жасқа толмаған құқықбұзушы

       Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасында болып, ӘҚБК 517 бабы 1 бөлігімен құқықбұзған Ресей Федерациясының кәмілеттік жасқа толмаған азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Сот отырысында құқықбұзушы К. кінәсін толығымен мойындап, Боровое демалыс орнына әкесімен барғанын, қайтар жолдау автокөлік сынып қалуына байланысты уақытында тіркелмегенін түсіндірді.

        Сот қаулысымен кәмілеттік жасқа толмаған құқықбұзушы айыпты деп танылып, әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

         Сондай ақ, құқықбұзушыға заңды түсіндіру түрінде тәрбиелеу шарасы қолданылды.

         Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

         «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»