Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Украина азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Басты Сот және сот төрелігі Украина азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Украина азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

       Шарбақты аудандық сотымен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасында болып ҚР заңнамасын, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Украина министрлері Кабинеті арасындағы азаматтардың жүріп-тұруларын туралы Келісіміннің 1 б. бұзғаны үшін Украинаның үш азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

         Сот отырысында шетелдіктер кінәләрін толығымен мойындады.

         Сот құқықбұзушыларды ӘҚБК 517 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танып, 31815 тенге сомасында айыппұл тағайындады.

     

          Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

         «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»